Мойынқұм ауданы, Шығанақ ауылдық округінде "Дін мен дәстүр" тақырыбында іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шараны "Досекеұлы Абсат" мешітінің молдасы Түсіпов Рахымбай ұйымдастырды.
Дәстүрлі дінімізді бекем ұстай отырып, қазақылығымыздан алыстамай, бабалар салған сара жолдан тайқымай жүретініміз анық. Дәстүр мен дінді сабақтастырып, әрі оны өскелең жастарға насихаттауды үздіксіз жалғастыруымыз қажет.