Мойынқұм: Бірлік ауылында уақып туралы тағылымды жиын өтті

Мойынқұм: Бірлік ауылында уақып туралы тағылымды жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданының Бірлік ауылында тұрғындар үшін ерекше мазмұнды басқосу ұйымдастырылды. "Бірлік" мешітінің имамы Смайлов Серік қасиетті шариғатта маңызды орын алатын уақып ұғымын тереңірек түсіндіру мақсатында ауыл жұртшылығымен жүздесті.

Жиын барысында имам уақыптың Ислам мәдениеті мен қоғам өміріндегі орнына тоқталып, оның рухани және материалдық құндылықтарды сақтау мен нығайтудағы рөлін түсіндірді. Тұрғындар бұл игі бастаманың маңызына қызығушылық танытып, көкейдегі сауалдарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.

Уақып дегеніміз не?
Уақып – шариғатта жеке адамның немесе қоғамның игілігі үшін жасалатын қайырымды істерді білдіретін ұғым. Оның негізгі мәні – материалдық немесе рухани құндылықтарды халықтың игілігі үшін арнау.

Бұл жиын ауыл тұрғындарына тек білім беріп қана қоймай, рухани құндылықтарды жаңғыртуға ықпал етті. Осындай тағылымды шаралар адамдарды жақсылыққа жетелейтіні сөзсіз.

Мойынқұм тілшісі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: