Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінде «Һибатулла Тарази» медресе колледжінің ұстазы Боханов Ерболат құптан намазына жиналған жамағатқа және жастарға «Дін және дәстүр құндылықтары» тақырыбында насихат айтты.
Боханов Ерболат насихатында: «Қазақ халқының тарихы мұсылмандық ұстанымнан ажырамай келе жатқандығы күмән тудырмайтын ақиқат. Сондықтан халқымыздың болмысына сіңіп, өмірінен ойып орын алған рухани дүние танымы мен салт-дәстүрін исламнан бөліп қараудың өзі үлкен қателік. Себебі, наным-сенім мен салт-дәстүр – кез келген халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі әрі елдігін айғақтайтын іс-жүзіндегі мәдениеті мен өркениетінің көрінісі. Осы егіз ұғым бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын рухани құндылық болып табылады»,-деді.