ШУ: 60 ЖАСЫНДА ҚҰРАНҒА ТҮСТІ

ШУ: 60 ЖАСЫНДА ҚҰРАНҒА ТҮСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының орталық «Жәми» мешітінде жанынан ашылған «Діни сауат ашу» курсынан дәріс алған 60 жастағы апамыз 2 айдын ішінде Құранға түсті. Үлкен қуанышқа ие болған қартқа Құран кітабын сыйға тартылып, мешіт ұстаздары алғысын білдірді.

Шу ауданының орталық «Жәми» мешітіндегі бұл оқиға көпшіліктің жүрегіне қуаныш ұялатты. 60 жасында діни сауат ашып, Құран оқуды меңгерген апамыз жас буынға үлгі болып, білім алудың жасы жоқ екенін дәлелдеді.

Мешіт ұжымы мен шәкірттер бұл жетістікті ерекше атап өтіп, салтанатты түрде апамызға Құран кітабын сыйға тартты. Сонымен қатар, мешіт ұстаздары оған алғыстарын білдіріп, жасаған еңбегінің сауапты болуын тілеп, арнайы дұға жасады.

Шара барысында мешіт имамы білім алудың маңыздылығы туралы айтып, жиналған жамағатты діни сауат ашу курсына қатысуға шақырды. Қатысушылар апамыздың табандылығын жоғары бағалап, оның діни білімге деген талпынысы мен қажырлы еңбегін құптады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: