ҚОРДАЙ: ӘЖЕЛЕР «БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ» РӘСІМІН КӨРСЕТТІ

ҚОРДАЙ: ӘЖЕЛЕР «БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ» РӘСІМІН КӨРСЕТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожа қызының ұйымдастыруымен әжелер алқасы мүшелері «баланың қырқынан шығу» дәстүрін көрсетті. 

 Іс-шара барысында әжелер дәстүрдің мәні мен маңызы туралы айтып, жас аналарға бұл салттың тәрбиелік жағын түсіндірді.

«Қырқынан шығару» рәсімі нәрестенің өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болып саналады. Шара барысында әжелер қырық қасық су дайындап, балаға арнап бата жасады. Сонымен қатар, дәстүрге сай қолданылатын ұлттық бұйымдар мен ырымдар көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушылар бұл рәсімнің тәрбие мен ұрпақ сабақтастығын нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

Іс-шара соңында мешіт жамағаты мен әжелер алқасы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, рухани тәрбиенің маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды. Бұл шара дәстүрлерімізді жаңғыртуға және жас буынға ұлттық мәдениетімізді жеткізуге бағытталған игі қадам болды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: