Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты «Тәуелсіздік-тұғырым» атты басқосу өткізді. Шәкірттерге «Отан» ұғымы, «Тәуелсіздік нығметі», «Бас бостандық» құндылығы түсіндірілді.
Жиын барысында ұстаз Эльмира Аманқожақызы тәуелсіздіктің қадірі мен оған жету жолында халқымыздың қандай қиындықтарды еңсергенін баяндап, тәуелсіздікті сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, шәкірттер арасында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенділік танытқандарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Басқосуда Қордай мешітінің шәкірттері өз өнерлерін көрсетіп, тәуелсіздік туралы өлеңдер оқыды. Сондай-ақ, отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған шағын көріністер қойылып, жиналғандардың ерекше ықыласына бөленді. Шараға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, тәуелсіздіктің ұрпақтан-ұрпаққа жетуі үшін ұрпақ тәрбиесіне баса назар аудару керектігін айтты.
Шара соңында Эльмира Аманқожақызы жиналған қауымға алғысын білдіріп, мұндай рухани әрі тәрбиелік іс-шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Жиын қатысушылары өз ризашылықтарын білдіріп, тәуелсіздікті ұлықтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.