Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы аудандық кітапхана мәжіліс залында ауыл имам-молдаларына есептік жиналыс өткізді.
Жиналысқа бес аймақ жетекшіліері ауыл имам-молдалары, наиб имамдардар, азаншылар және ұстаздар қатысты.
2024 жыл «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы аясында бес бағыт бойынша әр бір аймақ жетекшілері жыл бойына атқарылған шаралардың есебін слайд форматында көрсетіп, ауызша есеп берді.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Осы жылы біраз шараларды атқардық. Облыс бойынша аудан екінші орынға шықты. Сіздердің қажыр-қайраттарыныздың нәтижесінде ақпарат саласы бойынша үздіктер қатарынан табылып, дін мен дәстүр бойынша жүз пайыз тапсырмаларды орындадық. Бұл сіздердің ауызбіршілікпен атқарған қызметтерініздің жемісі деп білемін. Бірақ, біз мұнымен тоқмейілсіп қалмауымыз керек», - деді.