«БІЛІМДІ ЖЕТЕР МҰРАТҚА» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

«БІЛІМДІ ЖЕТЕР МҰРАТҚА» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты V аймақ имам-молдаларына аудан имамы Қанат Әділханұлы «Білімді жетер мұратқа» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда бас имам: «Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылмандарға білім алудың парыз екенін айтып, сахабаларына ілім алуды өзі бастап үйреткен болатын. Мысалы, Бәдір соғысында қолға түскен мүшриктерге бостандық алулары үшін әрбіріне он балаға сауат аштыруды талап етіп, қаншама сахабалардың сауатын ашуға мүмкіндік жасайды. Мұсылман үшін ілім алу, білімді болу құлшылықтың кемшіліксіз орындалуына жол ашады. Ал білімсіздіктің залалы шаш етектен. Білімсіздік мұсылман жамағатты жік-жікке бөліп, дінге қара күйе жақтырады», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: