«ИХСАН – КЕМЕЛДЕНУ ЖОЛЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

«ИХСАН – КЕМЕЛДЕНУ ЖОЛЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты III аймақ имамдарына Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы «Ихсан – кемелдену жолы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында бас имам аймаққа қарасты имам-молдаларға: «Ислам – көркем мінез бен әдептілікке негізделген дін. Әдеп­­тілік адамды көрікті етеді. Ихсан ілімі көркем мінез бен адамға тән күллі әдептілікті қа­лып­тастырады. Хазреті Мәуләна: «Ақылым жүре­гімнен: «Иман де­ген не?» деп сұра­ды. Жүрегім ақы­лым­ның құлағына иіліп: «Иман дегені­міз – әдеп» деп жауап берді» дейді. Пайғамбарымыз (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезі арқылы надандық құрсауындағы Мекке халқын мойын­датып, оларға өнеге көр­сетті. Пайғамбарымыз (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлық келгенге дейінгі қырық жыл өмірінде адамгершілік қасиеттің қоғамға әкелер пайдасын дәлелдеп берді. Тіпті, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сә­лемі болсын) сахабаларына: «Мен жер бетіне көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім», – дейтін. Қандай қоғам болсын, абы­ройы асқақтап, халқы берекелі ғұмыр кешуі үшін әрбір жекелеген адам әдептен озбай, адамгер­шіліктен аттамай, өзінің кемел келбетін қалыптастыруы тиіс. Осы арқылы да қоғамның өзіндік мәде­ниеті қалыптасады. «Тәрбие­сіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дейді екінші ұстаз атанған әл-Фараби бабамыз», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: