Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылы «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлы және мешіт жамағаты ауырып жатқан бір жанға 100 000 теңге көлемінде қаражат берді.
Қазақ халқында ауырғанның көңілін сұрап бару, қиналғанға жәрдемдесу атам заманнан келе жатқан дәстүр болып табылады. Қазақта «Қайғыны бөліссең, азаяды, қуанышты бөліссең, көбейеді», деген аталы сөз бар.