АУЫЛ ИМАМЫ БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АУЫЛ ИМАМЫ БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылы «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлы «Балауса» балабақша қызметкерлері, ауыл ақсақалдары және ауыл әкімімен кездесті.

Кездесуде Қанат Тұмарбекұлы: «Бала тәрбиесі – таудан сырғанаған шана секілді, бағыттап отырсаң болды. Жас баланың жүрегі таза болған соң, жақсы тәрбие берсең, соған қарай ұйып түседі. Балаңыз жақсы болса, онда сіздің өмірлік мақсатыңыздың орындалғаны. Ол үшін бала тәрбиесіне қажетті мына тоғыз тәсілге мән беріңіз:

  1. Балаңыз өзіңіздің көшірмеңіз болады деп күтпеңіз. Оған қоса, сіздің қалауыңыздағыдай болады деп ойламаңыз. Себебі, сіз өскен орта, кезең басқаша болатын. Сондықтан, тәрбие бала үшін сізден артық болуға баулитын болуы тиіс.  
  2. Барлық жасаған іс-әрекеттер үшін балаңыздан құн сұрамаңыз: сіз оған өмір сыйладыңыз, ол қалайша сізге алғысын жеткізе алады? Ол басқа адамға өмір сыйлайды, бұл алғыстың қайтымсыз заңы.  
  3. Тәрбиелеу процессінде бар өшіңізді балаңыздан алмаңыз, өйткені не ексеңіз, соны орасыз. Сіздің жақсы деп санағаныңыз – балаңызға жақсы. Алдымен, өзіңіз жақсылықтың жаршысы болуға асығыңыз.  
  4. Балаңыздың проблемаларын түкке тұрмайтын деп бей-жай қарамаңыз: өмір ауыртпалығы әр адамға күшіне байланысты беріледі, сондықтан да, баланың жүгі сіздікімен бірдей болады. Мүмкін сіздікінен ауырлау да шығар. Өйткені, баланың әлі дағдысы қалыптаспаған. Батыс елдерінде «қылмыскерлердің қатігез болып қалыптасуының негізгі себебін оның жастық шағынан іздеңіздер» деген қағида бар.  
  5. Тәрбие беруде балаңызды мұқатып кемсітпеңіз. Ол өзін сізден кем сезінуіне жол бермеңіз.  
  6. Өз балаңызға бір нәрсені жасай алмасаңыз, ол үшін өзіңізді қорламаңыз.
  7. Бала үшін шамаңыздың шеңберіне қарай барлық жағдайды жасауға тырысыңыз. Бұл – тәрбие берудің ең маңызды заңдылығы. Осыны ұмытпаңыз!  
  8. Біреудің баласын сүйе біліңіз. Бірақ, өз балаңызды басқа баламен салыстырып, оның намысына тимеңіз.
  9. Балаңыз дарынсыз, қырсық, ересек болса да, оны сүйе біліңіз; балаңызбен қарым-қатынаста қуануды ұмытпаңыз, өйткені балаңыздың жаныңызда болуы – бұл сізбен өмір бойы бола бермейтін сәт», - деп «Бала тәрбелеудің 9 әдісі» тақырыбын кеңінен айшықтады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: