Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Сарыкемер ауылында орналасқан «Ар-Рахман» мешітінің жамағатына «Дін және дәстүр» тақырыбында насихат айтты.
Наиб имам насихатында: «Ислам діні – адамзат тарихына ерекше ықпал етіп, өзіндік мәдениет қалыптастырып, рухани азғындаған талай халықтарға азық бола алды. Ислам ізгілік пен тазалықтың, бауырластық пен даналықтың көрінісін айқын көрсететін жол. Ислам діні таралған жерлерде өмір қайта жанданып, білім-ғылымға көңіл бөлініп, адамзат арасында татулық пен туралықтың нышаны бола алды. Осындай ізгіліктің нышаны болған ең соңғы илаһи дін қазақ даласына VIII ғасырдың орта тұсында келіп орын тепті. Сол кездегі қазақ даласын мекендеген әр түрлі ұлыстар, тайпалар Ислам дінінен нәр алды. Соның ішінде көшпенді түркі тайпаларының наным-сенімі Ислам дініне өте жақын болды», - деді.