НӘЗІК ЖАНДЫЛАР НАСИХАТ ТЫНДАДЫ

НӘЗІК ЖАНДЫЛАР НАСИХАТ ТЫНДАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің «әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Жанат Әмірханқызының ұйымдастыруымен  әйелдер жамағатына Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасы Дін порблемаларын зерттеу орталығы Оңалту бөлімінің инспекторы Камила Есенгелдіқызы «Амам және адам арасындағы достық» тақырыбында насихат айтты.

Камила Есенгелдіқызы насихатына: «Дос немесе достық – адам өмірінің үлкен бір арнасы. Ол ұғымның нақ бір анықтамасы болмайды. Себебі, ол адамдардың өзіндік көзқарастары мен түсінік пайымдарына қарай әртүрлі деңгейде көрініс тауып жатады. Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Демек, достық жақсы адамдардың арасында ғана болады дейтін түсінік жоқ.
Адам отбасын құрар алдында өмірлік жарына талап қойса да, бір-бірімен дос болу үшін талап қоймайды. Адамдар тек достықтың өз үдесінен шыға алса болды. Ол еш жерде айтылмаған, жазылмаған. Оны адам достықтың мәнін сезіп, білген кезде түсінетіндей. Адамның нағыз досының болуы міндетті емес. Бірақ болмауы өкініш. Алайда адам өзі балалы болмайынша ата-ананың қадірін білмейтіні сияқты, досы жоқ адам да өмірінде достықта болып көрмеген соң немесе басқамен нағыз достықтың отын тұтатпағаннан кейін де ол өкініштің мәнісін де білмейді. Оны нағыз досыңды тапқанда ғана «егер мен бұл досыммен кездеспеген болсам, онда бұл да бір өкініш болғандай екен ғой» деп ойлап, сезесің», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: