МЕРКІ: «ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН ДІНИ БІЛІМ АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

МЕРКІ: «ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН ДІНИ БІЛІМ АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданында мешіт имамы Б.Пирназаров «Әлеуметтік желіден діни білім алу» тақырыбында жастар  арасында кездесу өткізді.Имам бұл кездесуде әлеуметтік желілердің заманауи өмірдегі маңызына тоқтала отырып, діни білім алудағы олардың рөлі туралы сөз қозғады.

Ол әлеуметтік желілерден діни ақпарат алудың оң және теріс жақтарын талқылап, жастарды ақпаратты тексеріп, сенімді дереккөздерге жүгінуге шақырды. Имам діни білім алу кезінде тәжірибелі ұстаздар мен ресми діни мекемелердің материалдарына сүйенудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, адамдарды адастыратын радикалды ағымдардың ықпалынан сақтану жолдарын түсіндірді.

Кездесу барысында Бауыржан Пирназаров жастарға діни білім алудың дәстүрлі жолдары – мешіттерде және діни оқу орындарында үйренудің артықшылықтары туралы айтып берді. Сондай-ақ, дұрыс бағыт-бағдар алу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттары мен парақшаларын пайдалануға кеңес берді.

Кездесу соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, имамнан пайдалы кеңестер алды. Мұндай іс-шаралар жастардың діни сауаттылығын арттырып, оларды әлеуметтік желілердегі қауіптерден сақтануға көмектесетіні сөзсіз.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: