МЕРКІ: «РАДИКАЛДЫ ДІНИ ҰЙЫМДАР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

МЕРКІ: «РАДИКАЛДЫ ДІНИ ҰЙЫМДАР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының имамы Бауыржан имам «Радикалды діни ұйымдар» тақырыбында жастар  арасында кездесу өткізді. Кездесу барысында ол радикализмнің қоғамға тигізетін зияны, оның жастар санасына кері әсері және діннің атын жамылған теріс ағымдардың белгілері туралы кеңінен түсіндіріп берді.

Имам жастарды діни сауаттылықты арттыруға шақырып, Ислам дінінің шынайы құндылықтары бейбітшілік, сабырлылық, және мейірімділікке негізделгенін атап өтті. Сондай-ақ, ол радикалды ұйымдардың жалған ұрандарына алданып қалмау үшін дұрыс ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алу қажеттігін ерекше атап көрсетті.

Кездесу барысында имам радикалды ұйымдардың тарту әдістері, олардың интернет арқылы қалай жұмыс істейтіні және бұл ұйымдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы қалай сақтану керектігі жайында нақты мысалдар келтірді.

Шараның соңында қатысушылар имамға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өздерін мазалаған тақырыптарға жауап алды. Жастар мұндай кездесулердің өздерінің рухани және діни сауаттылығын арттыруға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: