ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ

ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін мен салт-дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары. Дін адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр-ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Ата-бабаларымыздың ұстанған діні, ата дініміз- дәстүрлі ислам діні болып табылады. Енді неге дәстүрлі ислам деп атаймыз? Өйткені асыл дініміз дәстүрге қайшы келген емес, керісінше дін мен дәстүр- қашанда бір-бірімен біте қайнасқан, сабақтас ұғым екенін байқайсыз, екеуі егіз ұғым десек те болады. Ал енді дінімізбен дәстүрімізді ұштастырып көрелік.           

1. Сәби дүниеге келгенде азан шақырып есімін қою дәстүрімізден. Дінде де оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат айтып, қолын жайып Құдайдан баланың ғұмырының ұзақ болуын, ізгі, саналы ұрпақ болуын тілеп, есімін қояды.                                                                                                            

2. Дінімізде бүлдіршін екі немесе үш жасқа жеткенде үлкен ғұламалардың, ізгі адамдардың аузынан жарты құрма қалдығын алып, сәбидің ұртына салып, шайнатады. Ондағы мақсаты баланың үлкен азамат болып өсуі үшін ырымдап жасалады. Дәстүрімізде бұл ырым түрі бар болғанымен, көрінісі басқа, мақсаты бір, ол- есейгенде беделді, үлкен тұлғаларға ұқсау. Бұл ырымдарға дәстүріміздегі тұсаукесер, аузына түкіру деген сияқты рәсімдерді жатқызуға болады.                                                                                                  

3. Жастар үйленуді қаласа, ең алдымен  ата-аналарының разылығын алып, ақ некемен қосылады. Қазақта некесіз бас қосқандарды, одан туылған баланы тексіз санаған. Сол себепті «тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деп ақ некемен үйленгендерді мақтап, мадақтап отырған. Бұл рәсім дінімізде және салтымызда да кездеседі.                                                                              

4. Адам дүниеден өтіп, жалған ғұмырмен қош айтысқанда ақтық сапарға оны жуындырып, ақ мата кебінге орап, жаназа намазын оқып шығарып салады. Бұл рәсімде шариғатымызда және әдет-ғұрып, салтымызда бар.                                                                                                                                                 

Қорыта айтқанда адамның туылғаннан бастап дүниеден өткенге дейінгі өміріндегі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыздың барлығы дінімізбен біте қайнасып, бір-бірінен ажырамай келе жатыр. Ендігі міндетіміз дінімізбен дәстүрімізді естен шығармай, берік ұстана білу. Қазіргі сәтте дәстүрлі емес діни жат ағымдардың белең алған кезеңі. Аты айтып тұрғандай кез-келген ағым дәстүрді түбегейлі жоққа шығарады. Ал дәстүрімізді ұмыту ұлттығымыздан, қазақи құндылықтарымыздан тіпті шынайы таза дінімізден алыстады. Ұлт болам десең бесігіңді түзе деген құнды өсиетті орындау әрбір қазақтың борышы. Әр отбасы бесігіндегі баласынан бастап өзінің асыл дінін және дәстүрін үйрететін болса, келешекте елім, жерім деген азаматтар мен азаматшалар ұлттығымызды, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымызды берік ұстанатын ұрпақ болатындығы анық.

 

Пирназаров Бауыржан
Меркі аудандық
“Меркі ата” мешітінің наиб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: