«Бірлікүстем» мешітінің ұжымы игі дәстүрді жалғастырып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуді әдетке айналдырған. Бұл жолы мешіт жамағаты мен қайырымды жандардың қолдауымен ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы көптеген отбасының жүрегіне жылулық сыйлады.
Құрбандыққа шалынған малдың еті алдын ала тізімге енгізілген, жағдайы төмен 7 отбасыға жеткізілді. Әр отбасыға шамамен 5-6 келі ет үлестірілді. Шараның жалпы құны 40 000 теңгені құрады.
Ет алған отбасылар ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіріп, қариялар шын жүректен баталарын берді. Мұндай қайырымдылық шаралары мұқтаж жандарға тек материалдық көмек қана емес, сонымен қатар моральдық қолдау да болып саналады. Мешіт жамағаты алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастырып, жақсылық жолында біріге қызмет етуді жоспарлап отыр.