ХАСАН ТАШАЙҰЛЫ «ӘЗРЕТ ӘЛИ» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

ХАСАН ТАШАЙҰЛЫ «ӘЗРЕТ ӘЛИ» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Ташайұлы Тараз қалалық «Әзрет Әли» мешітінде «Намаз оқу тәртібі» тақырыбында шам уағызын өткізді.

«Жаратқан иеміз Алла тағаланың біздерге әмір еткен бес парызының екіншісі ол – намаз. Ал бұл ғибадатты шынайы әрі кемшіліксіз орындау үшін ең алдымен намаздың маңыздылығы мен берер жетістіктерін жете түсініп, санаға екшелегеніміз дұрыс», – деген Хасан Ташайұлы намаздың маңыздылығына, оның дұрыс оқылу тәртібіне және намаздың рухани әсеріне тоқталды.  Әсіресе, намазды дұрыс оқу, оның әрбір қимылын  білу және ниеттің тазалығын сақтау маңызды екендігін сөз етті. 

Уағыз соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: