«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Меркі ауданы, Тәтті ауылында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Спортқа арналған бір күн» атты спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды. Спорттық іс-шара тоғызқұмалық, шахмат, дойбы, үстел тенисі ойындары бойынша өтті. Жүлделі орын алған жеңімпаздарға кубок, медаль, мақтау қағазы және сыйлықтар табысталды.
Шара барысында қатысушылар бір-бірімен танысып, спорттық ойындар арқылы достық пен ауызбіршілікті нығайтуға мүмкіндік алды. Әрбір қатысушы өз шеберлігін көрсетіп, жарысқа ерекше қызығушылықпен қатысты.
Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы өз сөзінде: «Мұндай шаралар – Исламның дәстүрлі құндылықтарына сәйкес мейірімділік пен қолдауды көрсетудің жарқын үлгісі. Біз әрдайым мүмкіндігі шектеулі бауырларымызға қолдау көрсетуге дайынбыз. Ал спорт – олардың денсаулығын нығайтып, бойына сенімділік ұялататын керемет құрал», – деп атап өтті. Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.