МЕРКІ: БАС ИМАМ «НҰР МҮБӘРАК» ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

МЕРКІ: БАС ИМАМ «НҰР МҮБӘРАК» ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан бас имамы Азамат Берікұлы «Нұр - Мүбәрак Египет Ислам Мәдениеті» университетінде білім алып жатқан шәкірттермен кездесті.

Қазіргі таңда «Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениеті»  университетінде «Исламтану», «Дінтану», «Теология», «Аударма ісі» мамандықтары бойынша Меркі ауданынан 12 шәкірт білім алуда. Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы  Азамат Берікұлы шәкірттердің басын қосып, арнайы дастархан жайып, әр шәкіртке қаржылай көмек көрсетті.

Игі шара барысында бас имам Азамат Берікұлы уағыз-насихатын айтып, аудандағы мешіттердің ахуалы жайлы хабардар етті. Шәкірттердің тарапынан қойылған сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-өтініштерін тыңдады. Осы жылы бітіруші екі түлекті ауданға қарасты мешітке шақырып, туған жеріне қызмет етуге ұсыныс жасады.

Жиын соңында, шәкірттерге білім жолындағы күш-қуаттарының арта беруіне тілектес екендігін білдірді. Сонымен қатар Меркі ауданы имам-молдаларының атынан шәкірттерге қаржылай көмек берілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: