ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлының тапсырмасымен облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде аудан имамдарының қатысуымен жылдық қорытынды жиыны өткен болатын. Сол жиында Меркі ауданы үздік бес ауданның қатарынан көрініп өзге аудандардан оқ бойы озық шығып, жүктелген тапсырмаларды белсенді түрде орындағаны үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі тарапынан марапатталды.
Осы орайда, Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты ауыл имам-молдаларының жиыны өтті. Жиналыс барысында айтылған шаралар есебіне қатысты ауданның бас имамы Азамат Берікұлы ауыл мешіттерінің жұмыстарына оң баға беріп, «Алғыс хатпен» таныстырып, облыс имамының атынан имам, ұстаздарды құттықтап, еңбектеріне сәттілік тіледі.
Ауданға қарасты белсенді еңбек сіңірген мешіт қызметкерлеріне облыс бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлының атынан мақтау қағаздарын табыс етіп, алғысын айтты. Аудан бас имамы ауыл имамдарына 2024 жылы жасалған істердің одан әрі жетілдірілетін тұстарын атап, арнайы тапсырмалар берді. Жиын соңында еліміздің, жеріміздің амандығы мен Ислам дінінің көркеюіне дұға жасалды.