МЕРКІ: АУДАН АҚСАҚАЛДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МЕРКІ: АУДАН АҚСАҚАЛДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы ақсақалдар төрағасы Байсейіт атамыз бен аудан ақсақалдары орталық мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, зиярат етті. Осы орайдан аудан бас имамы Азамат Берікұлы мешіт ұжымы атынан аудан ақсақалдарына сыйлықтар табыстады.

 «Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ақ шашты, ақ сақалды мұсылман қарияны ізет тұту – Алланы ұлықтаудың бір түрі», – деген бас имам ақсақалдардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалады.

Жиын барысында ақсақалдар мен мешіт ұжымы арасында тәжірибе алмасу, бірқатар маңызды мәселелерді талқылау және болашаққа арналған жоспарлар туралы пікір алмасу жүргізілді. Ақсақалдар аудан мешітінің алдағы уақытта да осындай ізгі істерді жалғастырып, рухани тәрбие беру жолында жемісті еңбек етулерін тіледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: