МЕРКІ: АУДАН ЖАМАҒАТЫ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

МЕРКІ: АУДАН ЖАМАҒАТЫ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан бас имамы Азамат Берікұлы және аудан жамағаты  ауданымызға қарасты кәсіпкер ағамыздың егіп жатқан бау-бақшасына барып, асар жасап көшет егіп көмектесіп, бастаған ісіне береке тіліп, дұға жасап қайтты.

Сонымен қатар, асар барысында аудан жамағаты бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ мақсаттар мен игі істердің айналасында біріге түсті. Имам Азамат Берікұлы мұндай шаралардың жамағат арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Кәсіпкер ағамыз да қолдау білдірген жамағатқа алғысын айтып, болашақта бұл бау-бақша аудан халқы үшін үлкен пайда әкелетінін және адал еңбектің берекелі болатынына сенім білдірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: