Меркі ауданы, Андас батыр ауылы «Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Абдулла «Гарнитагорск заставасында» отан алдындағы міндетін өтеп жүрген сарбаздарға «Жат ағым және суицид» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Қазіргі таңда жастардың жат ағымның жетегіне еріп кетуі және өз-өзіне қол жұмсауы көбейіп бара жатқаны баршамызға мәлім. Осы орайда ауыл имамы: «Егер дінге қызығушылық танытсаңыз еліміздің муфтияты бекіткен ҚМДБ имам, ұстаздарын тыңдауға кеңес беріп, қандай да бір жат ағымдардан, діни топтардан сақтануға шақырды, және қазіргі қоғамның дерті болаған өз-өзіңе қол жұмсау ешқандай мәселені шешпейтінін, бұндай іске бару арқылы алдымен өзіңіздің жарқын болашағыңызға балта шабу, бұнымен қоса ата-анаңызға, ет жақын бауырларыңызға ауыр тиетіні жайлы айтып, суицидке барудан Алла және Алла елшісі ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қайтарған», - деп жас сарбаздарға уағыз-насихатын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.