ҚОРДАЙ: БАС ИМАМ ТӨС БЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚОРДАЙ: БАС ИМАМ ТӨС БЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзіе-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі үшін Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Егізбаев Алмұханбетаранжан Айтмұханұлы «Қазақстан мәслихатына – 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Аудан бас имамына төс белгіні Аудандық мәслихат хатшысы Садықов Нурдин Есенкелдіұлы табыстады.

Салтанатты шарада сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Садықов Нурдин Есенкелдіұлы имамның өңірдің рухани тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жастардың дұрыс тәрбие алуына бағытталған еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ол мешіттің қоғамдағы рөлін нығайтудағы жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде Алмұханбетаранжан Айтмұханұлы көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдіріп, бұл марапатты тек өзінің ғана емес, бүкіл мешіт ұжымы мен аудан жамағатының еңбегінің нәтижесі деп бағалады. Ол болашақта да қоғамға қызмет етуді жалғастырып, аудан тұрғындарына рухани қолдау көрсетуді басты міндеті ретінде санайтынын жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: