ҚОРДАЙ: «ИСЛАМДАҒЫ ӘЙЕЛ ӘДЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ҚОРДАЙ: «ИСЛАМДАҒЫ ӘЙЕЛ ӘДЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы   Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Исламдағы әйел әдебі» атты семинар өтті. Семинарда Аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы  «Исламдағы әйел әдебі» жайында, «Құдайберген» мешітінің ұстазы Малика Аханқызы «Қыз тәрбиесі» жайлы және «Рахман» мешітінің ұстазы Айгул Жолдасқызы «Әйел әдебімен сұлу» тақырыбында уағыз насихат жүргізді. 

Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, семинар барысында әйелдерге арналған пайдалы кеңестер мен насихаттар беріліп, рухани қолдау көрсетілді.

"Мұндай іс-шаралар аудан мешіттерінде жүйелі түрде өткізіліп тұруы жамағаттың рухани білімін арттыруға және ислам құндылықтарын насихаттауға ықпал етеді",– дейді мешіт ұстазы. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: