Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Егізбаев Алмұханбетаранжан Айтмұханұлы Ауқатты ауылына қарасты «Әл Қадим» мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Жиналған жамағатқа қасиетті Құрандағы «Уа, мүміндер! Жұма намазына шақыратын азан айтылған кезде Аллаһты еске алуға (яғни, жұма намазын оқып, құтпа тыңдауға) асығыңдар. Сауда-саттықты (басқа да дүние тіршілігін) қоя тұрыңдар.»,-деген Жұма сүресінің 9-шы аятын тілге тиек етіп, жамағатты әсерлі насихатына ұйытты. Содан соң, жұма намазын өткізіп, ақсақал-қариялар еліміз бен жеріміздің амандығын сұрап дұға-тілек жасады.