БАС ИМАМ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

БАС ИМАМ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы облыс әкімдігінің дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысына қатысты.

Бұл жиында өңірдегі діни ахуал, діни бірлестіктердің қызметі және қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту бағытындағы жұмыстар талқыланды. Кеңес барысында қатысушылар дін саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарына қатысты пікір алмасты.  Сонымен қатар, діни экстремизмнің алдын алу, халықты рухани ағарту, жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, діни ұйымдар мен жергілікті билік арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту бағытында нақты ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында діни бірлестіктер мен мемлекеттік органдар арасындағы тығыз қарым-қатынасты жалғастыру туралы шешім қабылданды. Қатысушылар өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыру жолында бірлесе жұмыс істейтіндерін мәлімдеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: