ТЕЛЕАРНА ТӨРІНДЕ ЕЛДЕГІ ДІНИ АХУАЛ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТЕЛЕАРНА ТӨРІНДЕ ЕЛДЕГІ ДІНИ АХУАЛ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мен Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы жергілікті «Zhambyl» телеарнасының «Қоғамдық талқылау» бағдарламасында еліміздегі діни ахуал жайында баяндады. Бағдарлама аясында Қазақстанның діни жағдайы, экстремизм мен радикализмнің алдын алу шаралары, сондай-ақ дәстүрлі діндердің рөлі жайлы мәселелер көтерілді.

Бейбіт Әліпбекұлы ислам дінінің тыныштық, өзара құрмет пен бейбітшілікке негізделгенін айтып, халықтың діни сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.

Сәкен Сәрсенбайұлы өз сөзінде мемлекет тарапынан діни білім мен тәрбиені дамыту, заңнамалық өзгерістер, сондай-ақ экстремистік ұйымдардың қызметіне қарсы күрес шаралары жайлы пікір білдіріп, осы мәселелерді шешуде қоғамдық институттардың рөлі маңызды екендігін жеткізді.

Бағдарлама аясында сарапшылар мен көрермендер де өз сұрақтарын қойып, еліміздегі діни ахуалды жақсарту жолдары мен болашағын кеңінен талқылады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: