АУДАНДАР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

АУДАНДАР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен аудандар арасында кіші футболдан турнир өткізілді. Кәсіби стадионында өткен доп додасына аудан имамдары мен дін қызметкерлерінен құралған бірнеше команда қатысты.

«Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұратын жолдастық турнирдің мақсаты – дін қызметкерлері арасында бірлік пен бауырмалдықты арттыру, сол арқылы ел мен жерге қызмет ету. Сондай-ақ қоғамға және дін қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау. Өйткені тәні мықты мұсылман сауапты істерге ұйытқы болады, жақсылықтың жаршысы бола алады», – деді бас имам Бейбіт Әліпбекұлы.

Қызықты әрі тартысты өткен ойын нәтижесінде «Дін мен дәстүр» командасы 1-орынды еншіледі. Сондай-ақ үздік атанған ойыншылар жекелей номинацияларымен марапатталды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: