ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы өкілдігі имамдарының «Жылдық есеп – 2024» жиналысы өтті. Облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының төрағалығымен өткен жиналысқа ауданның бас имамдары мен дін қызметкерлері, мешіт, медресе ұстаздары қатысты.

Мәжілісте діни басқарманың дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру бағыттарында атқарылған жұмыстар нәтижесі баяндалды. Сондай-ақ, уағыз-насихат жұмыстарының нақты көрсеткіштері, қайырымдылық шаралары, діни һәм ұлттық, мемлекеттік мерекелерде мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен атқарылған іс-шаралар бойынша аудан имамдары есеп берді.

«Бүгінде Жамбыл облысының имамдары қоғамның сан саласында тығыз байланыс орнатып, әртүрлі әлеуметтік ортада дәстүрлі дін насихатын жүргізіп келеді.  Асыл дініміздегі әрбір ізгі амалдарды орындап, оны халыққа насихаттау жұмыстарына атсалысу барша мұсылман үшін ортақ міндет», – деген облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы жиналыс соңында атқарылған шараларға оң бағасын берді. Десе де, кейбір аудандарға жұмыстың сапасына байланысты сын-ескертпелер айтылып, алдағы уақытта олқылықтарды жою жөнінде тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, бас имам Бейбіт Әліпбекұлы өкілдік тарапынан тапсырылған жұмыстар бойынша үздік нәтижесі көрсетіп, ең жоғары ұпай жинаған Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаевқа «Атлант» шипажайына жолдама табыстады. Одан бөлек, «Ең үздік наиб имам», «Ең үздік ауыл имамы», «Ең үздік ұстаз», «Ең үздік азаншы», «Ең үздік ардагер имам» номинациялары бойынша 50-ге жуық аудан және ауылдарға қарасты мешіт қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: