Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Дәурен Куттыбаев Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде аудан Прокуроры арнайы қатысуымен пробацияда жүрген азаматтармен кездесу өткізілді. Шараға 25 адам қатысты.
Пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі.
Қатысушыларға «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын алу» тақырыбы барлық адам үшін маңызды болып табылатындығы жеткізілді. «Ислам бейбітшілік пен амандық деген мағынаны беретіндіктен исламда экстремизм мен терроризмге орын жоқ. Діни сауатты болу - заман талабы» - екендігі және біліммен ғана біз бос уақытымызды тиімді пайдаланамыз және діни алауыздықтан құтыла алатындығы сөзге тиек етілді.