Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының шәкірттерімен кездесіп, діни басқарманың жаңадан бекітілген ережелерімен таныстырды.
Кездесуде бас имам шәкірттерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ережелері мен талаптары бойынша нақты ақпарат беріп, шәкірттердің білім сапасын жақсартуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, шәкірттерге діни білім алуда табыс тілеп, Құранды толық әрі дұрыс үйренудің, оны өмірде қолданудың маңыздылығын атап өтті. Жиын соңында шәкірттер бас имамға сұрақтарын қойып, жаңа ережелерге қатысты пікірлерін білдірді.