Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылы «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлы ауыл жастарымен дін мен дәстүрді насихаттау мақсатында футбол ойынына қатысты.
Ойынның алдында Қанат Тұмарбекұлы: «Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Еліміздің келешегі кемел болуы үшін иманы мен дәстүріне берік жастар спортпен де шұғылданғандары жөн, - деп жастарға насихатын жеткізді.


20 Желтоқсан 2025
29 Джумада-сани 1447

