Жамбыл облысы Байзақ ауданы Базарбай ауылы «Базарбай» мешітінің имамы Ербол Қасқырұлы ауыл қарияларымен кездесіп, «Дін және дәстүр» тақырыбында насихат айтты.
Ербол Қасқырұлы насихатында: «Салт-дәстүрлеріміздің кейбіреуі тіпті бұлжымас діни ережелер бойынша жүзеге асатынын да байқауға болады. Ибн Ғабидин «Уқуд рәсм әл-муфти» кітабында былай дейді: «Ғұрыптың шариғатта орны бар, Кейде үкім соған орай орнығар» - деген. Бір сөзбен айтқанда әдет-ғұрып діни үкім шығару тұрғысынан, мұсылман құқығының қайнар көздерінің бірі болып табылады», - деді.


20 Желтоқсан 2025
29 Джумада-сани 1447

