ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «ҚОРДАЙ» ҚҰРАН ҚАРИЛАРЫН ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «ҚОРДАЙ» ҚҰРАН ҚАРИЛАРЫН ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының ұстаздарымен кездесу өткізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жиын барысында ұстаздар Құран үйретудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, шәкірттердің білім деңгейін арттыру және оқу процесін тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

«Құран – Алла Тағаланың адам баласына берген ұлы мұғжизасы. Адамзат Құранмен сәйкес өмір сүргенде ғана ақиқат ұғымының биігін бағындыра алады. Құранды көбірек оқу және әрдайым жаттап жүру арқылы пенде Раббысына сүйікті құл болу мәртебесіне қол жеткізеді», – деген бас имам ұстаздардың Құран жолындағы қызметі сауапты әрі жауапты жұмыс екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, бас имам ұстаздарға қазіргі заман талабына сай әдіс-тәсілдер қолдану арқылы, білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: