Имам Азамат Берікұлы өз сөзінде қайырымдылықтың исламдағы маңыздылығын және мұқтаж адамдарға көмек көрсету арқылы қоғамда бірлік пен ынтымақтастықты нығайтудың ерекше мәні бар екенін атап өтті.
Қаржылай көмек алған отбасылардың өкілдері өз ризашылықтарын білдіріп, көрсетілген көмек үшін алғыс айтты. Имам бастаған ұжым бұл іс-шараның тек материалдық көмек көрсету ғана емес, рухани байлықты арттыруға, адамдардың бір-біріне көмектесу, жәрдемдесу арқылы қоғамдағы әділдік пен мейірімділікке үлес қосуға бағытталғанын түсіндірді.