Меркі ауданы, Андас батыр ауылы «Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Абдулла құптан намазына жиналған жамағатқа «Жамағат намазының сауабы» жайында уағыз-насихат айтты.
Имам өз сөзінде жамағатпен намаз оқудың исламдағы маңыздылығына тоқталды. Ол, әсіресе, жамағатпен оқылатын намаздың сауабы жеке оқылған намаздан әлдеқайда артық екендігін атап өтті. «Жамағат намазы адамды мұсылман қауымының бір бөлігі етіп, өзара ынтымақтастық пен сүйіспеншілікті арттырады», – деген имам жамағат намазының мұсылманның рухани өміріне қалай оң әсер ететінін түсіндіріп, жамағат болып намаз оқудың адамды бір-біріне жақындататынын, қоғамдағы бауырмалдықты, бірлікті нығайтатынын атап өтті.