МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің шәкірттеріне тәрбие сағатын жүргізді. Бұл шара жастарға исламның құндылықтарын тереңірек түсінуге, тәртіп пен адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталды.

Тәрбиелік сағат барысында имам шәкірттерге дін мен білімнің бірлігін, жастардың ел болашағы үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, жастарға адал еңбек, сенім мен сабырлық сияқты қасиеттердің маңыздылығы туралы айтып, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан рухани құндылықтарды құрметтеу керектігін ескертті.

Азамат Берікұлы оқушыларға болашақта қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасу үшін тек білім алу ғана емес, сонымен қатар өздерін рухани жағынан дамыту қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, ол шәкірттерді өздерінің тәртібі мен іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, ата-ана мен ұстаздар алдындағы міндеттерін ұмытпауға шақырды.

Медресе шәкірттері бұл шарадан көптеген рухани азық алып, өмірлік құндылықтарды қайта бағамдады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: