Меркі ауданы, Андас батыр ауылы «Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Абдулла ауылға қарасты екі отбасыға қой етін үлестіріп берді. Бұл қайырымдылық іс-шарасы ауыл тұрғындарының арасында ынтымақ пен бірлікті нығайту, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Имам Абдулла қой етін таратуды өз жауапкершілігіне алып, мұқтаж жандарға қол ұшын созу арқылы игі дәстүрді жалғастырып келеді. Ол бұл әрекетінің тек материалдық көмек қана емес, сонымен қатар рухани саулықты арттыру, бір-біріне қамқор болу мен исламның бауырмалдық құндылықтарын дәріптеу екенін атап өтті.