МЕРКІ: МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ АС БЕРІЛДІ

МЕРКІ: МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ АС БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен жергілікті «Ас-Салям» қайырымдылық қорының қолдауымен Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстаздары мен шәкірттеріне дастархан жайылып, ас берілді.

«Ас-Салям» қайырымдылық қорының қолдауымен ұйымдастырылған бұл шара шәкірттерге бауырмалдық пен жанашырлықтың маңыздылығын көрсетіп, олардың арасында өзара сыйластық пен түсіністікті арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, дастархан басында медресе ұстаздары шәкірттерге өмірлік тәлім-тәрбие беретін, рухани байытатын әңгімелер айтып, оларды ізгілік пен адалдыққа шақырды. Бұл іс-шара медресе студенттері мен ұстаздарының арасында достық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, халықтың дін мен дәстүрге деген құрметін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды», – дейді ауданның бас имамы Азамат Берікұлы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: