Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешіті хатымханасының жанынан бастырма соғылды.
Күннің суығында, жаңбыр, қар жауған кезде ашық алаңда от жағу, ас дайындау өте қолайсыз болған себепті, осы ауылдың 1977 жылғы аға буын өкілдері өздерінің аттарынан игі бастаманы қаржыландырып, құрлысына үлес қосып, мешітке сыйлады. Ауыл имамы осы игі шараны ұйымдастырған жандарға шынайы алғысын білдіріп, мұндай ізгі амалдардың дініміздегі береке мен бірлікті нығайтуға үлкен үлес қосатынын атап өтті.