МЕРКІ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА ІЛІМ АЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

МЕРКІ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА ІЛІМ АЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы “Жүніс молда “ мешітінің ұстазы Бота Меңдібайқызы әйел-қыздар секторына “Ілім алудың маңыздылы” туралы уағыз- насихат айтты.

Уағыз барысында ұстаз ілімнің адам өміріндегі орны мен оның исламдағы мәні туралы кеңінен тоқталды. Ол ең алдымен, Алла Тағала Құранда ілім алуға, білімге ұмтылуға шақыратындығын атап өтті. Мысалы, Құранның “Алақ” сүресінде Алла адамзатқа алғаш рет "Оқы!" деп әмір еткенін еске салды.

Бота Меңдібайқызы ілім алудың тек дүниелік емес, рухани тұрғыдан да маңызды екенін айтты. Әсіресе, әйелдерге өз білімін арттырудың, отбасындағы рөлін дұрыс түсіну мен қоғамда әділ орын алу үшін маңыздылығын түсіндірді. Ол мұсылман әйелдеріне хадистер мен исламдық білімдерді игеріп, жан-жақты тұлға болуға, өз ортасына, отбасы мен қоғамға пайдалы болуға үндеді. Сонымен қатар, ілімнің тек жоғары оқу орындарында ғана емес, өмірдің әр саласында қажеттілігін жеткізіп, білім алу жолында тоқтаусыз еңбек ету керектігін атап өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: