“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Жамбыл облысы Меркі ауданы “ Жүніс молда “ мешітінің ұстазы Бота Меңдібайқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар сектор жамағатына ақ дастархан жайылып, “Тәрбие- тал бесіктен” тақырыбында дін мен дәстүрді ұштастыра отырып берекелі жиын өткізілді.
Іс-шара барысында бала туылғаннан бастап жасалатын халқымыздың салт- дәстүрі , атап айтқанда қырқынан шығару, бесікке салу, сүндетке отырғызу тағы да басқа жөн- жоралғылар Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерімен ұштастырып мән мағынасы, маңызы айтылды.