МЕРКІ: «ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ, КІШІГЕ ІЗЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

МЕРКІ: «ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ, КІШІГЕ ІЗЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Меркі ауданы «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Бота Меңдібайқызының ұйымдастыруымен «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында әйел жамағатына уағыз- насихат айтылды. 

Уағыз-насихат барысында ұстаз Бота Меңдібайқызы қоғамда адамгершілік пен қайырымдылықтың негізі болып табылатын бұл екі қасиеттің исламдағы орнына ерекше тоқталды. 

«Ислам діні үлкендерді сыйлау мен кішіге қамқорлық көрсетуді өте жоғары бағалайды. Құран мен хадистерде үлкендерге құрмет пен кішіге мейірім көрсету жөнінде көптеген нұсқаулар бар. Мысалы, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз хадисінде: «Кішілеріңізге мейірімді болыңыздар, үлкендеріңізге құрмет көрсетіңіздер» деген өсиет қалдырған», – дей келе үлкендердің тәлім-тәрбиесі мен ақыл-кеңестерін тыңдап, олардың тәжірибесінен үйренудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, кішіге ізет білдіру – бұл олардың қадір-қасиетін бағалау, қамқорлық көрсету, әрбір адамның өз орнын сезінуіне көмектесетін маңызды ұстаным екенін жеткізді. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар бір-біріне сыйлықтар тарту етіп, ізгі тілектерін білдірді.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: