МЕРКІ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

МЕРКІ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жүніс молда» мешітінің ұстазы Бота Меңдібайқызы «Дініміздегі әйел кісінің орны мен маңыздылы» тақырыбында уағыз- насихат жұмыстарын жүргізді. 

Уағыз барысында ұстаз әйелдердің Исламдағы жоғары мәртебесі мен рөлі туралы терең ой бөлісіп, олардың қоғамдағы, отбасыдағы және шариғатымыздағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Дінімізде әйел қауымы тек аналар, жарлар ғана емес, сонымен бірге рухани жетекшілер мен қоғамның дамуына жауапты тұлғалар ретінде құрметтеледі. Шариғатта әйелдердің білім алуы да ең маңызды мәселе ретінде қарастырылады, өйткені ұлттың болашағы мен рухани жаңғыруы анадан басталады», – деген ұстаз әйелдердің білім алу, ар-ұжданын сақтау, қоғамда адамгершілік пен әділдікті орнату міндеттеріне аса мән берілуі керектігін тілге тиек етті. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: