Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылының тұрғыны көп балалы анаға «Жан жылуы» қайырымдылық қорының жәрдемімен баспана кілті табыс етілді.
Айтулы іс шараға Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің наиб имамы Сұлтаншәріп Жәнібекұлы қатысып, қайырымдылықтың сауабы мен пайдасын айтты. Сонымен қатар, қайырымдылық қормен бірлесіп үлес қосқан ауылдың 86 жылғы туылған жігіттеріне алғыс айтып, ақ батасын берді. Сауапты іс-шараға қайырымдылық қордың комиссия мүшелері, әкімшілік қызметкерлері және ауыл жастары қатысып, қуанышқа ортақтасты.