ҚОРДАЙ: "ИМАН МЕН ИСЛАМ" НЕГІЗДЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

ҚОРДАЙ: "ИМАН МЕН ИСЛАМ" НЕГІЗДЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хакім Абай он үшінші қара сөзінде иман турасында: "Иман деген – Алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, иланбақ", – деп анықтама берген.

Жамбыл облысы Қордай ауданы "Құдайберген" мешітінің ұстазы Малика Аханқызының ұйымдастыруымен "Құдайберген " және  "Білім " мешіттері арасында Иман және Ислам негіздерінен интелектуалдық жарыс өтті. Жарыста екі мешіт шәкірттері даярланған сұрақтарға ауызша, жеке-жеке жауап берді. Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды "Құдайберген " мешіті шәкірттері алды. Қатысушыларға сыйлықтар беріліп, алғыс айтылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: