«Қария» деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылып айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Қазақтың әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті мен «Рахман» мешіті Әжелер алқасы мүшелері «Құдайберген» мешітінде Малика Аханқызына ұстазымыздың шәкірттеріне «Ислам діні» жайлы насихат айтты. Жастарға уақыттарын дұрыс пайдаланып ,осы жақта білім алу керек екенін түсіндірді. Қайтпас қайрат пен табандылықпен қайтпай, дінге қызмет ету, білім алудың құндылықтарын жеткізді. Сөз соңында батасын беріп, тарасты.