ҚОРДАЙ: ҰСТАЗДАР УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТТЫ

ҚОРДАЙ: ҰСТАЗДАР УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызы, "Рахман" мешіті ұстазы Айгуль Жолдасқызы және "Құдайберген " мешіті ұстазы Малика Аханқызы  "Құдайберген" мешітінде жиналған  әйел-қыздар жамағатына  "Ислам", Иман" және "Білім  алу" жайында уағыз насихат айтты.

Ұстаздар өз уағыздарында исламның әйелдерге қатысты ерекше орнын түсіндіріп, білімнің мәнін және оның әрбір мұсылманға, соның ішінде әйелдерге де парыз екендігін атап өтті. Олар сенім мен амалдың үйлесімділігінің маңыздылығын түсіндіріп, адамның жүрегінде иман мен амал арасындағы теңдікті сақтаудың қажеттілігін айтты. Әсіресе, үміт пен үрейдің арасындағы тепе-теңдікті ұстау, Аллаға деген сенімді нығайту мен өмірде дұрыс бағытта болу маңызды екені айтылды.

Ұстаздар әйелдерге исламда білім алу мен тәрбиенің ерекше маңызға ие екендігін және мұсылман әйелдерінің өз отбасын, қоғамды дұрыс жолмен тәрбиелеу үшін білімді болуы шарт екенін жеткізді. Әр әйелдің тек жеке өмірінде ғана емес, бүкіл қоғамда да пайдалы болуына, адамдарға дұрыс бағыт-бағдар беруіне мүмкіндігі бар екендігі ескертілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: